30.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина Ролан Гарростың үшінші айналымында Остапенкомен кездеседі

Елена Рыбакина Ролан Гарростың үшінші айналымында Остапенкомен кездеседі

WTA рейтингінде 11-орында тұрған Елена Рыбакина Ролан Гарростың үшінші айналымында әлемдік рейтингте 21-орын алатын латвиялық теннисші Елена Остапенкомен кездеседі.

Кездесу бүгін жергілікті уақыт бойынша 17:30-да өтеді — матч жеңімпазы 1/8 финалда Жаклин Кристиан (Румыния, 60-шы) мен Ига Швентек (Польша, 5-ші) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Парижде өтетін Үлкен дулыға турнирі 7 маусымға дейін жалғасады — жарыстың жүлде қоры 56,35 миллион еуроны құрайды, ал чемпион 2,55 миллион еуро мен екі мың рейтингтік ұпай алады. Қазіргі титул иегері поляк теннисшісі Швентек болып табылады.