29.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина Ролан Гарростың екінші айналымында Ива Йовичпен кездеседі

Елена Рыбакина Ролан Гарростың екінші айналымында Ива Йовичпен кездеседі

Бүгін Ролан Гаррос корттарында Елена Рыбакина мен Ива Йович арасында екінші айналым матчы өтеді. WTA рейтингінде 11-орында тұрған қазақстандық теннисші 129-орындағы америкалық спортшымен кездеседі.

Бірінші айналымда Рыбакина аргентиналық Хулия Риераны 6:1, 4:6, 6:4 есебімен жеңді. Ал оның қарсыласы Йович мексикалық теннисші Рената Сарасуаны 6:3, 5:7, 6:4 есебімен ұтты.

Биылғы Франция ашық біріншілігінің жүлде қоры 56 352 000 еуроны құрайды — турнир жеңімпазы 2 550 000 еуро мен 2000 рейтингтік ұпай алады. Турнирдің қазіргі чемпионы — әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған поляк теннисшісі Ига Швентек.