01.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина Ролан Гаррос чемпионына қызу ойында жол берді

Елена Рыбакина Ролан Гаррос чемпионына қызу ойында жол берді

Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатындағы өнерін аяқтады — қазақстандық теннисші 1/8 финалда турнирдің қазіргі чемпионы Ига Швёнтекке жол берді.

Әлемнің 11-ші және 5-ші ракеткалары арасындағы қызу қарсыластық екі жарым сағатқа созылды — поляк спортшысы 1:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Ига Швёнтек титул үшін күресін жалғастырады — ширек финалда ол әлемнің 14-ші ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен кездеседі.