07.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина Римдегі турнир алдында Эмма Наваррамен бірге жаттығу өткізді

Елена Рыбакина Римдегі турнир алдында Эмма Наваррамен бірге жаттығу өткізді

Sports.kz хабарлауынша, WTA рейтингінде 12-орында тұрған Елена Рыбакина Римдегі беделді WTA 1000 турниріне дайындық жүргізуде.

Қазақстандық теннисші әлемнің тоғызыншы ракеткасы — АҚШ-тың өкілі Эмма Наваррамен бірлескен жаттығу өткізді. Олардың дайындық үстіндегі бейнежазбасы әлеуметтік желілерде жарияланды.

Рим турнирінде Рыбакина өз ойынын екінші айналымнан бастайды — ол Моюка Учижима мен Ева Лис жұбының жеңімпазымен кездеседі. Италия астанасындағы жарыс 6-18 мамыр аралығында өтеді.