08.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина қиындыққа тап болды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Елена Рыбакина қиындыққа тап болды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA-1000 турнирінің екінші айналымында Қытайдың Ухань қаласында румындық Жаклин Кристианға қарсы матч алдында күтпеген мәселемен бетпе-бет келді.

Sportskeeda.com хабарлауынша, Рыбакина соңғы турнирлерде бірінші соққыларының пайызын жоғалтып, көп брейк жіберген. Бұл оның ойынына қосымша қысым түсіріп отыр. Мәселен, жуырдағы Бейжіңдегі жарыста алғашқы допты ойынға қосу көрсеткіші шамамен 50% деңгейінде болған, ал екі матчта бірден 10 рет брейкке ұшыраған.

Кристиан да мықты подачасымен ерекшеленеді. Ол соңғы ойынында 18 брейк-пойнт жасап, соның 8-ін тиімді пайдалана білді. Сарапшылардың пікірінше, алдағы кездесу екі ойыншы үшін де тартысты өтпек, ал матчтың тағдыры Рыбакинаның ритмді қаншалықты тез табуына байланысты болмақ.

Жақсы ойынын көрсете алса, қазақстандық теннисшінің жеңіске жету мүмкіндігі зор.