22.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина Қазақстан құрамасының сапында Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатысады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Елена Рыбакина Қазақстан құрамасының сапында Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатысады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әйелдер арасындағы ұлттық құраманың сапына енді. Команда 16–21 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде бақ сынайды.

Қазақстан құрамасының толық тізімі төмендегідей:

  • Елена Рыбакина
  • Юлия Путинцева
  • Зарина Дияс
  • Анна Данилина
  • Жібек Құламбаева
    Команда капитаны — Юрий Щукин.

Ширек финалда Қазақстан құрамасы бұл турнирдің 18 дүркін чемпионы АҚШ командасымен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Рыбакина мен Путинцева US Open 2025 турнирінің негізгі кезеңіне тіркелгені белгілі болды.