28.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина Монреальдегі беделді турнирге қатысады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Рыбакина источник olympic.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA №12) 27 шілде мен 7 тамыз аралығында Канадада өтетін ірі WTA 1000 санатындағы турнирге қатысады. Бұл – маусымдағы ең беделді жарыстардың бірі.

Рыбакина жарысқа тоғызыншы нөмірмен тіркелген. Турнирдің бірінші нөмірлі ракеткасы – америкалық Кори Гауфф (WTA №2). Негізгі фавориттер қатарында сондай-ақ Ига Швёнтек (Польша, №3) пен өткен жылғы чемпион Джессика Пегула (АҚШ, №4) бар.

Турнир туралы деректер:

  • Жүлде қоры: $5 152 199
  • Чемпионға: $752 275 және 1000 рейтингтік ұпай
  • Өткен жылғы финалда Пегула ресейлік Людмила Самсонованы 6:1, 6:0 есебімен ұтқан болатын.

Рыбакина Монреальдегі турнирде жоғары нәтиже көрсетіп, WTA рейтингіндегі позициясын жақсартуға тырысады.