Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина матч кезіндегі жағымсыз ойлармен күресу туралы айтты

Елена Рыбакина матч кезіндегі жағымсыз ойлармен күресу туралы айтты

Mutua Madrid Open Youtube арнасына берген сұхбатында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өзінің ойынының психологиялық аспектілері туралы ой бөлісті.

Матчта бір нәрсе дұрыс болмай жатқанда, мен көп қате жібере бастаймын. Маған ауысу оңай емес: мен қателіктер туралы тым көп ойлаймын, дегенмен шындығында керісінше жасау керек — оны ұмытуға тырысу керек

Теннисші күннің сәтсіз өтіп жатқан сәттерінде жағымсыз күйдің ерекше байқалатынын атап өтті. Рыбакинаның айтуынша, теннисте оқиғалар өте жылдам дамиды — жаман ойларды тез ұмытып, пайдалы шешімдерге назар аудару маңызды.