28.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина Мадридтегі турнирден шығып қалды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Елена Рыбакина Мадридтегі турнирден шығып қалды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA №11) Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында украиналық Элина Свитолинаға (WTA №17) екі сет қорытындысы бойынша есе жіберді — 3:6, 4:6.

Жарыстың фавориттерінің бірі саналған Рыбакина турнирді ерте аяқтады. Ал Свитолина келесі кезеңде грек теннисшісі Мария Саккаримен (WTA №82) кездеседі.