14.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина Лондондағы турнирдің ширек финалында күтпеген жеңіліске ұшырады

Елена Рыбакина Лондондағы турнирдің ширек финалында күтпеген жеңіліске ұшырады

WTA рейтингінде 11-орында тұрған Елена Рыбакина Лондондағы беделді Queen’s Club Championships турниріндегі өнерін аяқтады.

Ширек финалдық кездесуде қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 86-орында тұрған Германияның өкілі Татьяна Марияға жол берді.

Ширек финалға шыққаны үшін Рыбакина 38 140 доллар қаржылай сыйақы мен 108 рейтингтік ұпай иеленді.

Турнирдің қалған кезеңдеріндегі жүлде қоры былайша бөлінеді:

  • Жартылай финал — 78 425 доллар және 195 ұпай
  • Финал — 134 260 доллар және 325 ұпай
  • Турнир жеңімпазы — 218 000 доллар және 500 ұпай