Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина күтпеген жерден Страсбург турниріне қатысатын болды

Елена Рыбакина күтпеген жерден Страсбург турниріне қатысатын болды

The Tennis Letter қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Страсбургтегі WTA 500 турниріне қатысу туралы шешімі жайлы хабарлады — спортшы Рим «мастерсінен» ерте шығып қалғаннан кейін wild card алды.

Қазақстандық спортшы бес жыл бұрын финалға дейін жеткен Страсбург турнирі 18-24 мамыр аралығында — Ролан Гаррос басталар алдында өтеді.

«Саз кортта ырғақты табуға тырысу — орынды таңдау», — деп атап өтті The Tennis Letter.

Рыбакина үшін саз корттағы маусым сәтті басталған жоқ — теннисші Штутгарттағы титулын қорғауға қатыспады, ал Мадрид пен Римдегі турнирлерде үшінші кезеңнен әрі аса алмады.