15.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина ежелгі ауылда дәстүрлі қытай киімін киіп көрді

Елена Рыбакина ежелгі ауылда дәстүрлі қытай киімін киіп көрді

Ningbo Open мәліметі бойынша, әлемнің тоғызыншы ракеткасы және Қазақстанның бірінші нөмірі Елена Рыбакина Нинбодағы көне Зоуматан ауылына барды.

Қазақстандық теннисші фотосессияға қатысып, қытай мәдениетінде ғасырлар бойы сақталған хань халқының дәстүрлі киімі — ханьфуды киіп көрді.

Нинбодағы WTA 500 турнирі аясында Рыбакина екінші айналымдағы қарсыласы Даяна Ястремскаямен кездесуге дайындалуда.