19.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA 7) Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында испаниялық Паула Бадосаны (WTA 10) жеңді.

25 жастағы Рыбакина үш сетке созылған тартысты матчта жеңіске жетті – 4:6, 7:6 (10:8), 7:6 (7:2). Екінші сетте қазақстандық теннисші тай-брейкте 3:6 есебімен жеңіліп жатқан сәтінде төрт матч-пойнтты қайтара отырып, 10:8 есебімен жеңісті жұлып алды. Осылайша, қос спортшы арасындағы жеке кездесулер есебі 4:4 болып теңесті.

Келесі айналымда Рыбакина АҚШ өкілі София Кенинмен кездеседі. Кенин күтпеген жерден өткен жылғы чемпион Жасмин Паолиниді жарыстан шығарды.

Ақпарат көзі: WTA ресми сайты