14.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина Цинциннатиде келесі кезеңге өтті

Елена Рыбакина Цинциннатиде келесі кезеңге өтті

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Цинциннатида (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 сериялы турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Төртінші айналымдағы матчта қазақстандық спортшы әлемнің алтыншы ракеткасы саналатын америкалық Мэдисон Кизді 6:7 (3:7), 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Кездесу 2 сағат 26 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина алты эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және 14 брейк-пойнттың алтауын тиімді пайдаланды.

Ширек финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы беларусьтік Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.