20.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина Берлиндегі турнирдің ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасымен кездеседі

Елена Рыбакина Берлиндегі турнирдің ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасымен кездеседі

Әлемнің он бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Берлиндегі турнирдің ширек финалында Беларусьтан келген әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездеседі.

Ширек финалға дейінгі жолда қазақстандық теннисші — америкалық Эшлин Крюгер мен чехиялық спортшы Катержина Синякованы жеңді. Ал беларусьтық қарсыласы алдыңғы кезеңде — швейцариялық Ребека Масарованы ұтты.

Жүлде қоры 925 661 еуро болатын Берлин турнирінің жеңімпазы — 142 610 еуро мен 500 рейтингтік ұпай алады. Жарыстың қазіргі чемпионы — америкалық Джессика Пегула.