20.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина Берлиндегі турнирдің ширек финалына жолдама алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Елена Рыбакина Берлиндегі турнирдің ширек финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде №11) Берлиндегі WTA 500 санатындағы турнирде қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді. Ол чехиялық Катержина Синяковаға (WTA №74) қарсы матчта екі сетте жеңіске жетті — 6:4, 7:6.

Синякова — жұптық сында әлемнің бірінші ракеткасы.

Ширек финалда Рыбакина әлемдік рейтинг көшбасшысы Арина Соболенкомен кездеседі. Бұл матч Берлиндегі келесі ойын күнінің басты кездесуі болмақ.

Турнирдің алғашқы кезеңінде Елена америкалық Эшлин Крюгерді (WTA №33) 6:3, 7:6 есебімен жеңген еді. Жарыстың жалпы жүлде қоры — 925 661 еуро. Чемпион 142 610 еуро мен 500 рейтингтік ұпай иеленеді.