Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина Берлиндегі беделді турнирге қатысады

Елена Рыбакина Берлиндегі беделді турнирге қатысады

Әлемнің 12-ші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Берлиндегі WTA 500 шөп турниріне қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Жүлде қоры миллион доллардан асатын беделді жарыс 16-22 маусым аралығында өтеді — қазақстандық теннисші 11-ші нөмірлі жеребе алды.

Турнирдің басты фавориттері:

  • Беларусьтік Арина Соболенко
  • АҚШ-тық Кори Гауфф
  • АҚШ-тық Джессика Пегула

Берлин турниріне дейін Рыбакина Ролан Гарроста өнер көрсетеді, содан кейін 9-15 маусым аралығында кезекті жарыс өтетін Лондонның шөпті корттарына аттанады.