27.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте бесінші орынға көтерілді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) 2025 жылғы Australian Open-2025  турнирінен кейін спортшылардың рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің бірінші теннисшісі атағын жекелей сында финалда америкалық теннисші Мэдисон Кизден ұтылған беларусь Арина Соболенко қалды. Рейтингте екінші орында польшалық Ига Свиатек, үшінші орында америкалық Кори Гауфф.

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина жетінші орыннан бесінші орынға көтерілді. Еске салайық, Australian Open турнирінде Рыбакина төртінші раундқа дейін жетіп, болашақ чемпион Мэдисон Кизден жеңілген болатын.