05.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина — әлемдегі WTA 1000 жартылай финалдарына ең көп шыққан 5 теннисшінің қатарында

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Рыбакина источник olympic.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина маңызды статистикалық жетістікке қол жеткізді: ол WTA 1000 санатындағы турнирлерде 10-рет жартылай финалға шығып, 2019 жылдан бері бұл нәтижеге жеткен әлемдегі бесінші теннисші атанды.

Мерейтойлы жартылай финал жолдамасын Рыбакина Монреаль турнирінде жеңіп алды. 5 тамыз күні ол украиналық Марта Костюкті 6:1, 2:1 есебімен жеңді. Екінші сет барысында Костюк матчты жалғастырудан бас тартты. Енді Еленаның келесі қарсыласы — канадалық Виктория Мбоко.

2019 жылы WTA 1000 сериясында дебют жасағаннан бері 10 немесе одан да көп жартылай финал өткізген теннисшілер тізіміне енгендер: Арина Соболенко, Ига Швёнтек, Коко Гауфф, Джессика Пегула және Елена Рыбакина.

Айта кетейік, 2025 жылы Рыбакина Абу-Даби мен Штутгартта титул жеңіп алып, Майамидегі «мыңдық» турнирінің финалына дейін жеткен болатын.