20.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Елена Рыбакина 2020 жылғы Australian Open чемпионын жеңді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан теннис федерациясының мәліметі бойынша, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалдық матчта қазақстандық теннисші Америкалық София Кенинді (WTA №56) сенімді түрде 6:2, 7:6 (7:2) есебімен жеңді. Осылайша, Елена мен София арасындағы жеке кездесулердің жалпы есебі 3:0 болып отыр.

Кездесу 1 сағат 25 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина 17 эйс жасап, үш қос қателікке жол берді, сондай-ақ бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті жүзеге асырды.

Турнирдің финалына шығу үшін Елена әлемнің 14-ші ракеткасы, ресейлік Мирра Андреевамен кездеседі. Жас теннисші сенсациялық түрде «Үлкен Дулыға» чемпионы, әлемнің екінші ракеткасы Ига Швёнтекті 6:3, 6:3 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.