14.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Елена Рыбакина 16 жастағы теннисшіні жеңіп, екінші айналымға шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты. Бұл туралы Бірінші бол порталы жазды.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 293-орында тұрған 16 жастағы аустралиялық Эмерсон Джонспен шеберлік байқасты.

Бұл жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде бірінші орында тұрған Эмерсон Джонстың «Үлкен дулыға» турниріне алғаш қатысуы еді.

Еленаға бастапқы сетті аяқтауға 26 минут уақыты кетті – 6:1. Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте қарсыласының қателігін пайдаланған Рыбакина брейкке қол жеткізді. Матчты тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:1.

Елена Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 191-ракеткасы, 17 жастағы америкалық Ива Йовичпен кездеседі.