03.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елдос Ахметов: «Дастан Сатпаев ересектермен бір деңгейде ойнай алады»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Елдос Ахметов: «Дастан Сатпаев ересектермен бір деңгейде ойнай алады»

Қазақстан құрамасының бас бапкерінің ассистенті Елдос Ахметов алматылық «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сатпаев туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, жас форвард биылғы маусымда үздік бомбардирлер қатарында болуымен-ақ өз қарымын дәлелдеп отыр.

«Дастанның көрсеткіштері өзі үшін сөйлейді: ол Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергендерінің бірі. Басында жастығына байланысты алаңдаушылық болды — ерте шаршауы, жарақат қаупі. Бірақ оның еңбекқорлығын, дене дайындығын көрсең, оны “балғын” дей алмайсың. Ол өзін ересектермен бір деңгейде ойнайтындай қалыпқа жеткізді. Біріншіден — Алла қаласа, екіншіден — еңбегі, үшіншіден — ол ерекше. Ол Ламин Ямал секілді, тек Қазақстанда туған», — деді Ахметов.

Еске салайық, 17 жастағы Сатпаев келесі жылы кәмелет жасына толған соң «Челсиге» қосылады деп жоспарланған. Келісім сомасы шамамен 4 млн фунт деп бағалануда. ҚПЛ-дың ағымдағы маусымында Дастан 8 гол соғып, бомбардирлер тізімінде 5-орында келе жатыр.