08.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Элдер Сантана маусымды аяқтады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Алматылық «Қайрат» командасының шабуылшысы Элдер Сантана биылғы маусымда енді алаңға шыға алмайды.

Бразилиялық футболшы Қазақстан чемпионатының бірінші турында «Астанамен» (1:1) өткен матчта ауыр жарақат алды. Дәрігерлер оған тізенің крест тәрізді байламдарының үзілуін және қосымша тағы бір күрделі жарақат диагнозын қойды. Бұл жарақаттар ойыншының қалпына келу уақытын ұзарта алады.

Мұндай жарақаттан кейін толықтай сауығу үшін шамамен алтыдан тоғыз айға дейін уақыт қажет.

Элдер Сантананың «Қайратпен» келісімшарты осы жылдың желтоқсан айында аяқталады. Алматылық клуб жарақат алған шабуылшының орнына жазғы трансфер кезінде «Акрон» командасының шабуылшысы Артем Дзюбаны қатарға қосуды жоспарлап отыр.