26.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Эль-Классиконың» төрешісі Бенгоэчеа көз жасына ерік берді: «Ұлымды сыныптастары мазақтайды»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Эль-Классиконың» төрешісі Бенгоэчеа көз жасына ерік берді: «Ұлымды сыныптастары мазақтайды»

«Эль-Классиконың» бас төрешісі Бенгоэчеа бүгінгі баспасөз мәслихатында көзіне жас алды. 39 жастағы испан арбитрі соңғы күндері өзіне және отбасына бағытталған қысымға шыдай алмай, эмоциясын жасыра алмады.

Бұл сұмдық жағдай. Біз бастан өткеріп жатқан нәрсе — әділетсіздік. Мұндай болмауы керек. Ұлым мектептен жылап келіп, «сыныптастарым мені “ұрлықшының баласы” деп мазақтайды» дейді, — деді ол көзіне жас алып тұрып.

Қазіргі уақытта Бенгоэчеаға жанкүйерлер мен медиа тарапынан үлкен қысым көрсетіліп жатыр. «Реал» мен «Барселона» арасындағы алдағы шешуші ойын қарсаңында оның әрбір шешімі мен әрекеті мұқият назарда.