Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Эль-класикода қазылық ететін бас төреші тағайындалды

Рикардо де Бургос Бенгоэчеа Испания кубогының финалы аясында өтетін «Реал» мен «Барселона» арасындағы кездесуде бас төреші қызметін атқарады, деп хабарлайды Sport12.kz.

38 жастағы испаниялық төреші мансабындағы төртінші Эль-класикосында төрелік етпек. Алғаш рет ол 2017 жылы Испания Суперкубогының финалында екі алыптың тартысын басқарған болатын. Сол жолы «Реал» каталондықтарды 3:1 есебімен тізе бүктірген. Екінші рет 2023 жылғы Суперкубок финалында жұмыс істеді – бұл кезде «Барселона» дәл сондай 3:1 есебімен жеңіске жеткен. Ал үшінші матч 2022/23 жылғы Ла Лиганың 26-турында өтіп, онда да каталондықтар 2:1 есебімен басым түскен.

Еске салсақ, Испания кубогының финалы аясында өтетін «Барселона» мен «Реал» арасындағы кездесу 26-нан 27-не қараған түні, сағат 01:00-ге жоспарланған. Ойын Севилья қаласындағы «Ла Картуха» стадионында өтеді.