26.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Екі итальяндық клуб Серия А-дағы орнынан айырылды

Екі итальяндық клуб Серия А-дағы орнынан айырылды

«Эмполи» мен «Венеция» аяқталған маусым нәтижелері бойынша Серия А-да өнер көрсету құқығынан айырылды.

Соңғы турда «Эмполи» «Веронадан» 1:2 есебімен жеңілді — бұл жеңіліс команданы турнир кестесінде 31 ұпаймен 18-ші орынға қалдырды. Соңғы матчта «Ювентустен» жеңілген «Венеция» 29 ұпаймен 19-шы орынға жайғасты.

Чемпионатта соңғы орынға түскен «Монца» элиталық дивизиондағы орнынан маусым аяқталғанға дейін айырылған болатын.