29.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Екі балуанның да бірдей мүмкіндігі бар – Ислам Байрамұқов Айтмұханның ақтық белдесуі туралы

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан (97 кг) 2025-жылғы Азия чемпионатының финалына шықты. Жартылай сында ол ирандық Мохаммадмобин Голамали Азимиді 2:0 есебімен жеңді. Енді алтын медаль үшін шешуші белдесуде Айтмұхан жапониялық Араш Иошидамен кездеседі.

Еркін күрестен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамұқов Sport Pulse порталына алдағы белдесуге қатысты пікірін айтты:

«Бұл – қазақстандық күрес үшін тамаша жаңалық! Жартылай финалда Ризабек өте сенімді күресті. Оның финалдағы қарсыласы Араш Иошида – жас болғанымен, өте мықты балуан. Жуырда ол Кайл Снайдерді 6:6 есебімен, соңғы әрекеттің арқасында жеңді. Қызығы сол, Снайдер осы белдесуге дейін бір-екі күн бұрын Алматыда Ризабекпен күрескен еді, бірақ ол кезде біздің спортшымыз бабында болмады. Қазір олардың финалдағы мүмкіндігін тең – 50-де 50 деп бағалаймын».

Финалдық белдесулер 20:00-де басталады. 2025-жылғы Азия чемпионатының тікелей көрсетілімін Sport + Qazaqstan телеарнасынан тамашалауға болады.