09.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Eindhoven Box Cup: Дәулет Төлемісов алтын медаль үшін таласады

Eindhoven Box Cup: Дәулет Төлемісов алтын медаль үшін таласады

Қазақстандық боксшы Дәулет Төлемісов Эйндховенде (Нидерланды) өтіп жатқан Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінің жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

85 келіге дейінгі салмақта жартылай финалдық жекпе-жекте Төлемісовке Бельгия өкілі Идрис Леганас қарсы шықты. Бұл жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.

Осылайша, Дәулет Төлемісов финалға шығып, «алтын» үшін таласса, Идрис Леганас Эйндховендегі турнирдегі өнерін қола медальмен аяқтады.

Еске салайық, Төлемісов сәуір айында Бүкіләлемдік бокс ұйымының қолдауымен Фоз-ду-Игуакуда (Бразилия) өткен Әлем кубогында сәтті өнер көрсетті – онда қазақстандық алтын медаль жеңіп алды.