06.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Егор Сорокин маусым соңында алматылық «Қайраттан» кетеді

Егор Сорокин маусым соңында алматылық «Қайраттан» кетеді

Ресейлік футболшы Егор Сорокин маусым соңында алматылық «Қайраттан» кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Vesti порталының хабарлауынша, 29 жастағы қорғаушының келісімшарты осы жылдың соңында аяқталады. Бірақ Сорокин «Брюгге» және «Арсеналмен» болатын қаңтар айындағы матчтарға қатысуға дайын. Ол үшін қос тарап қысқа мерзімді келісімшарт түзуі мүмкін.

Алматылық клубтың Егормен ұзақ мерзімді келісімшартқа отыруы екіталай. Себебі Сорокинге РПЛ клубтары көз тігіп отыр.