11.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Егор Сорокин ҚПЛ-дағы 50-ші матчын өткізді

KazFootball.kz мәліметінше, «Қайрат» қорғаушысы Егор Сорокин Қазақстан Премьер-Лигасындағы 50-ші ойынын өткізді. Мерейтойлық матч «Ордабасыға» қарсы өтіп, 4:0 есебімен алматылықтардың жеңісімен аяқталды.

29 жастағы ресейлік футболшы Қазақстан чемпионатында тоғыз жыл бойы ойнап келеді. Ол алғаш рет ҚПЛ-да «Ақтөбе» сапында «Таразға» қарсы кездесуде алаңға шыққан. Сол матчта ол 61-ші минутта Виктор Крюковтың орнына ауыстырылды.

Сорокин Қазақстан чемпионатында үш клубтың намысын қорғады:

  • «Ақтөбе» — 29 матч, 1 гол
  • «Елімай» — 8 матч
  • «Қайрат» — 13 матч, 1 гол