Оқу уақыты: 1 мин

«Егер «ПСЖ» қарсыласын менсінбей шықпаса — оларда еш қиындық болмайды» — Самат Смақов «Арсеналға» қарсы қарымта ойындағы француздардың мүмкіндігі жайлы

«Егер «ПСЖ» қарсыласын менсінбей шықпаса — оларда еш қиындық болмайды» — Самат Смақов «Арсеналға» қарсы қарымта ойындағы француздардың мүмкіндігі жайлы

Мамырдың 7-нен 8-не қараған түні Парижде Чемпиондар лигасының жартылай финалы аясында «ПСЖ» мен «Арсенал» арасындағы қарымта матч өтеді. Ойын Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады.

Алғашқы матчта ағылшындар өз алаңында француздарға 0:1 есебімен есе жіберді — жалғыз голды Усман Дембеле соқты.

Талдықорғанның «Жетісу» командасының бас бапкері Самат Смақов Sport Pulse порталына қарсыластардың мүмкіндігін былай деп бағалады:

— «Арсенал» — жас әрі келешегі зор команда. Бірақ бірінші ойында «ПСЖ»-ның қаншалықты тәжірибелі әрі сабырлы екенін байқадық. Әсіресе, турнирдің осындай шешуші кезеңдерінде бұл маңызды. Егер париждіктер «Реалдың» қателігін қайталамай, қарсыласын менсінбей шықпаса, айтарлықтай қиындық көрмейді. Меніңше, «ПСЖ» келесі кезеңге өтеді.

Матч туралы негізгі ақпарат:

Күні: 7 мамыр

Тікелей эфир — 23:50-де басталады

Стадион: «Парк де Пренс», Париж

Бас төреші: Феликс Цвайер (Германия)

Көрсетілім: Qazsport телеарнасы

Басты сурет: uefa.com

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!