17.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Эдуард Мор: «Қайраттың» плей-оффқа шығуы өте қиын

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Эдуард Мор: «Қайраттың» плей-оффқа шығуы өте қиын

«Спартактың» бұрынғы ойыншысы Эдуард Мор Алматының «Қайратының» Лига чемпиондарындағы мүмкіндіктеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Metaratings.ru.

«„Қайраттың“ плей-оффқа шығу мүмкіндігі бар ма? (күліп). Өте қиын болады. Олардың қалауы мықты болады, бірақ сырт алаңдағы матчтарда ешқандай мүмкіндіктерін көріп тұрған жоқпын. Ал өз алаңында — ұзақ сапар, жанкүйерлердің қолдауы және алаң сапасын ескерсек — ұпай алуға шанс бар. Бірақ сырт алаңда бір ұпайдың өзін алады деп сенбеймін. Мұндай турнирлердегі тәжірибе — шешуші фактор», — деді Мор.

Еске сала кетейік, «Қайрат» жалпы кезеңде сырт алаңда «Спортингпен», «Интермен», «Копенгагенмен» және «Арсеналмен» ойнайды. Ал Алматыда «Реалды», «Пафосты», «Олимпиакосты» және «Брюггені» қабылдайды.

Алғашқы кездесу 18 қыркүйек күні Лиссабонда өтеді. Қарсылас — «Спортинг». Ойын Астана уақытымен түнгі 00:00-де басталады.