19.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Эдмонтон» жүйесінің қақпашысы Родриг «Барыспен» келісімге келді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Эдмонтон» жүйесінің қақпашысы Родриг «Барыспен» келісімге келді

Meta-ratings.kz мәліметінше, «Барыс» 23 жастағы канадалық голкипер Оливье Родригпен келісімге қол жеткізді. Қақпашы бір жылдық келісімшартқа қол қояды. Оның жалақысы 35–40 миллион рубль көлемінде болмақ.

Осылайша қазақстандық клуб «Эдмонтон» жүйесінен шыққан қақпашымен бір маусымға келісім жасады.

Өткен маусымда Родриг «Эдмонтон» жүйесінде өнер көрсетті. Ол НХЛ-де екі матчқа қатысып, сенімділік коэффициентін 3,10 көрсетті. Ал АХЛ-де 41 кездесу өткізіп, орташа көрсеткіші – 3,12, шайбаларды қайтару пайызы – 89,7 болды.