Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Эдмонтон» қатарынан екінші рет ірі есеппен жеңілді

Крис Кноблаух баптайтын «Эдмонтон Ойлерз» Стэнли Кубогының бірінші айналымындағы екінші ойында «Лос-Анджелес Кингзден» 2:6 есебімен жеңілді.

«Ойлерз» қатарынан екінші матчта алты шайба жіберіп алды — алғашқы кездесуде 5:6 есебімен есе жіберген еді. Қақпашы Стюарт Скиннер бұл жолы да сенім үдесінен шыға алмады: 51-ші минутқа дейін бес шайба өткізіп, 28 соққының 23-ін ғана қайтара алды. Оны Кэлвин Пикар алмастырды.

Команда капитаны Коннор Макдэвид 20 минуттан астам уақыт мұзда болып, екі ғана соққы жасап, ұпай жинай алмады. Қазіргі уақытта сериядағы есеп 0:2 — келесі матч Эдмонтонда өтеді.