07.11.2024
Оқу уақыты: 2 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Еділ Оразбек: Қазақстан туымен шығу – бала кезгі арманым

Айнур Кабдуллин
Айнур Кабдуллин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии
найза1

Еділ Оразбек тарихи Отанына оралып, өмірінің жаңа кезеңін бастамақ. NAIZA лигасымен келісімшартқа отырған спортшы Қазақстандағы екінші жекпе-жегін 23 қараша күні өткізеді.

Қыркүйек айында өткен NAIZA 67 турнирінде Еділ өзбекстандық қарсыласын небәрі 40 секундта жеңіп, жанкүйерлерін таң қалдырған еді. Жеңісінен кейін ол қатарынан 4 сальто жасап, жанкүйерлерге естен кетпес әсер қалдырды.

Алдағы айқасына Еділ Қазақстан туымен шығады. Осыған байланысты спортшымен хабарласып, қуанышын бөлістік.

Тарихи Отаныңызға оралдыңыз. Бойыңызда қандай сезім билеп тұр?

Өзімнің қазақ еліме келгеніме өте қуаныштымын. Қазір өте күшті сезімдемін. Елге оралғаныма қатты қуандым. Мұнда бәрі ұнайды. Қазақстаныма, еліме, жеріме ештеңе жетпейтініне көзім жетті.

Найза
Найза

Сіз Қытайда жекпе-жек өткіздіңіз. Енді мансабыңызды Қазақстанда жалғастырасыз ба?

Жанкүйерлерімнің басым көпшілігі мені Қытайда жекпе-жек өткізіп жүрген кезімнен таниды. Сол жақта танылып бастады. Ендігі мақсат — елімізде өнер көрсету. Уақыты келгенде қазақ еліне танылып, жанкүйер жинаймын деп сенемін. Барынша елімнің спортының дамуына, әлемдік аренада танылуына үлесімді қосамын деп ойлаймын.

NAIZA лигасындағы жоспарыңыз қандай?

Ең бірінші мақсатым — рейтингіде көтерілу. Алдағы айқасымнан соң рейтингте алғашқы үштікте тұрған спортшымен кездескім келеді. Егер ТОП-3 файтермен кездессем, кейін белбеу үшін де жекпе-жектің ауылы алыс емес.

Чемпиондық белбеу алу ойыңызда бар ма?

Әрине, белбеу алу әрбір спортшының арман деп ойлаймын. Басты мақсат NAIZA лигасының чемпионы болу.

найза1

найза3
найза3

Келесі жекпе-жегіңізге қай елдің атынан шығасыз?

Алдағы жекпе-жегіме Қазақстанның атынан алғаш рет шығамын. Мен үшін бұл үлкен мәртебе және жауапкершілік. Қазақстанның атынан шығу – бала кезімнен арманым болған. Енді осы арманым орындалғалы тұр. Бұл – менің халқым мен еліме құрметімнің белгісі. Қазақстанның туын көтеріп, өз күшімді, қайсарлығымды, ұлттық рухымды көрсетуге барымды саламын.

Қарсыласыңыз Кирилл Карпекин болмақ, оның жекпе-жектерін көрдіңіз бе? Қарсылас туралы не айта аласыз?

Келесі қарсыласыма келер болсақ, мен үшін ол өте оңай қарсылас. Маған төтеп бере алатын қарсылас емес. Оның ешқандай мүмкіндігі болмайды. Мен оны бірінші раундта жеймін!