29.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Эдди Хау К-Лига құрамасына қарсы матч жоспарларын айтты

Эдди Хау К-Лига құрамасына қарсы матч жоспарларын айтты

«Ньюкасл» бас бапкері Эдди Хау Сувон Ворлд Кап стадионында К-Лига құрамасына қарсы өтетін жолдастық матч алдында баспасөз мәслихатын өткізді.

«Біз бұл ойынды асыға күтудеміз — қатты ыстыққа қарамастан, мұндай күшті команданың алдында өнер көрсету біз үшін үлкен мәртебе», — деді «сауысқандар» бапкері.

Хау «Арсеналмен» матчта жарақат алған Свен Ботман ойынды өткізіп алатынын, бірақ жарақаттың ауыр емес екенін хабарлады. Сонымен қатар, бапкер команданың жаңа ойыншысы Пак Сын Суға өз елінің жанкүйерлері алдында ойын уақытын беруге ниетті.

«Онымен бір-екі жаттығу ғана өткіздік, бірақ алғашқы әсер өте жақсы. Оның үшін бәрі жаңа, бірақ ол өзін өте жақсы көрсетеді деп сенемін. Біз бұл нарықты өзіміз үшін перспективалы деп санаймыз», — деп атап өтті Хау.

«Ньюкасл» бапкері клубтың трансферлік саясаты туралы: «Біз дұрыс ойыншыларды дұрыс бағамен алуымыз керек — егер мұндай мүмкіндік болмаса, біз мәміле жасай алмаймыз».