09.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Дзюдошылар жаңа маусымға дайындықты бастады

Бүгін, 9 қаңтар күні дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы 2025 жылдың алғашқы жаттығуына кірісті, — деп хабарлайды Спорт жайлы телеграм арнасы.

Ұлттық құрама спортшылары Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 19 қаңтарға дейін жаттығады. 

Оқу-жаттығу жиынына барлығы 100-ге жуық татами шебері қатысып жатыр. 

Жаттығу жиынына Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Абиба Абужақынова, Grand Slam жарысының жеңімпаздары Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев, Ғалия Тынбаева, сондай-ақ, 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпаз-жүлдегерлері шақырту алған.