18.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Дзюдодан ұлттық құраманың бас бапкері Нұрбол Сүлейменов қызметінен кетті

Дзюдодан ұлттық құраманың бас бапкері Нұрбол Сүлейменов қызметінен кетті. Бұл ақпаратты құрама сапында күресетін бірқатар балуан растап отыр, деп жазды sport12.kz. Алайда, Дзюдо федерациясы әзірге бұған қатысты пікір білдірген жоқ.

Нұрбол Сүлейменов 2022 жылы ерлер құрамасына бас бапкер болып тағайындалған еді. Ол осы қызметке келгелі бері ұлттық құраманы Париж Олимпиадасымен қатар, 3 әлем чемпионаты, 2 Азия чемпионаты және Ханчжоуда өткен Азия ойындарына апарды.

Сүлейменовтың жетекшілігімен Қазақстан дзюдошылары Париж Олимпиадасында 1 алтын, 1 қола медаль алса, әлем чемпионаттарында 1 қолаға ие болды. Сондай-ақ, Азия ойындарында 3 қола медальға қол жеткізді. Бұдан бөлек, Азия чемпионаттарында 1 алтын, 2 күміс 8 қола медальға ие болған.

Сенімді дереккөздің мәліметінше, бас бапкерлікке ресейлік Роберт Мшвидобадзе кіріскен. Ол даңқты италиялық дзюдошы, Олимпиада чемпионы және әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Эцио Гамба бастаған командамен бірге ынтымақтастықты бастаған еді.

Роберт Мшвидобадзе – екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері. Ол 60 келіде күресіп, Токио Олимпиадасына қатысқан.