27.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дзюба Ресей чемпионатында гол+пас жүйесі бойынша жаңа рекорд орнатты

Дзюба Ресей чемпионатында гол+пас жүйесі бойынша жаңа рекорд орнатты

Sports.ru мәліметі бойынша, Артем Дзюба Ресей чемпионатында гол+пас жүйесі бойынша жаңа рекорд орнатты — 257 ұпай.

Мир РПЛ екінші турындағы «Сочиге» қарсы ойында «Акрон» шабуылшысы Максим Болдыревке нәтижелі пас беріп, бірінші таймның соңында гол соқты.

Артем Дзюба 255 нәтижелі әрекеті бар Дмитрий Лоськовтың жетістігін басып озды. Жаңа рекордшының еншісінде — 170 гол мен 87 голдік пас болса, бұрынғы көшбасшының қоржынында — 120 доп пен 135 ассист бар.