20.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Джошуа Ливо тарихи рекордқа жақын

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Джошуа Ливо 2024/2025 маусымындағы тұрақты біріншіліктегі 48-ші голын соғып, Сергей Мозякиннің бір маусымда ең көп гол соғу рекордын қайталады. Егер ол келесі ойында тағы бір шайба соқса, жаңа рекордтың иесі атанады.

Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Сибирь» өз алаңында «Салават Юлаевпен» кездесті. Кездесудің екінші кезеңінде Ахияров алғашқы болып «Сибирь» командасын алға шығарғанымен, көп ұзамай Цулыгин есепті теңестірді. Екінші кезеңнің соңғы минуттарында «Салават Юлаев» ойыншысы екі минуттық айып алды, бұл сәтті Ливо тиімді пайдаланып, командасын қайтадан алға шығарды.

Үшінші кезеңде «Салават Юлаев» сапынан Брендан Ремпал бос қақпаға шайба соғып, командасының жеңісін бекітті. Осылайша, «Салават Юлаев» 3:1 есебімен жеңіске жетті, ал Джошуа Ливоның голы оның тарихи рекордқа жақындай түсуіне мүмкіндік берді.

Ливо келесі ойында «Барыспен» кездеседі. Егер ол бұл матчта тағы бір гол соқса, Сергей Мозякиннің рекордын жаңартып, ҚХЛ тарихындағы ең нәтижелі маусым авторы атанады.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!