23.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Джошуа Ливо ҚХЛ тарихында бір маусымда ең көп гол соққан ойыншы атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Астана қаласында өткен матчта «Барыс» өз алаңында «Салават Юлаевты» қабылдап, 1:4 есебімен жеңіліске ұшырады. Бұл кездесуде қонақтар сапынан үшінші шайбаны Джошуа Ливо соқты.

Осылайша, Канадалық шабуылшы Құрлықтық хоккей лигасының 2024/2025 жылғы тұрақты маусымындағы 49-шы шайбасын соғып, жаңа рекорд орнатты. Бұған дейін бұл көрсеткіш Сергей Мозякинге тиесілі болған, ол 48 шайбамен көш басында тұрған еді.

Ливо маусым барысында тұрақты ойын өрнегін көрсетіп, «Салават Юлаевтың» шабуылдағы басты қаруына айналды. Оның рекордтық көрсеткіші ҚХЛ тарихында бір маусымда ең көп шайба соққан хоккейші ретінде есте қалмақ.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!