04.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Джордж Расселл 1955 жылғы аңызға айналған Mercedes көлігін жүргізді

Джордж Расселл 1955 жылғы аңызға айналған Mercedes көлігін жүргізді

Ұлыбритания Гран-приі алдында пилот Джордж Расселл бірегей мүмкіндікке ие болды — ол 70 жыл бұрын сэр Стирлинг Мосс тарихи жеңіске жеткен Эйнтри трассасында аңызға айналған Mercedes W196 көлігін жүргізді.

27 жастағы жүргізуші әлеуметтік желілерде әсерімен бөлісті:

«Mercedes-Benz W196 көлігін Эйнтриде жүргізу — үлкен мәртебе! Бұл көлік Mercedes мұрасы үшін өте маңызды. Басқару, жылдамдық, дыбыс және бұрылыстарды өту сезімі — бәрі де ерекше сәт болды.»

1955 жылы Стирлинг Мосс өз елінің Гран-приін жеңген алғашқы ағылшын пилоты болды — ол старттан мәреге дейін көш бастап, поул-позицияны жеңіп алып, үздік айналым уақытын көрсетті. Сол кезде Mercedes подиумның барлық сатысын иеленді:

  • Стирлинг Мосс — бірінші орын
  • Хуан Мануэль Фанхио — екінші орын
  • Карл Клинг — үшінші орын

Формула-1-дің қазіргі кезеңі 4-6 шілдеде Сильверстоунда өтеді, онда чемпионатта төртінші орында келе жатқан Расселл көшбасшы Оскар Пиастриден 70 ұпайлық айырмашылықты қысқартуға тырысады.