01.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Джон Хейтинга Ливерпульден кетіп, Аяксқа оралды

Джон Хейтинга Ливерпульден кетіп, Аяксқа оралды

Джон Хейтинга «Ливерпульдің» бас бапкерінің көмекшісі қызметінен кетіп, амстердамдық «Аяксты» басқаратын болды, деп хабарлайды нидерландтық клубтың баспасөз қызметі.

Нидерланд құрамасының бұрынғы қорғаушысы, «Аякс» сапында 200-ден астам ойын өткізген маман — амстердамдық клубпен екі жылдық келісімшартқа қол қойды. Оның көмекшісі академия түлегі Марсель Кайзер болады.

Хейтинга бапкерлік қызметте Франческо Фариолиді алмастырды, ол маусымның сәтсіз аяқталуынан кейін командадан кетті — «Аякс» соңғы жеті турда тоғыз ұпайлық басымдықты жоғалтып, чемпиондық атақтан айырылды.

«Джон — дамуға деген үлкен ұмтылысы бар жақсы бапкер. Ол өршіл және соңғы жылдары Премьер-лигада және Чемпиондар лигасында айтарлықтай өсті», — деді клубтың техникалық директоры Алекс Крус.

Ағымдағы маусымда Хейтинга Арне Слоттың жетекшілігіндегі «Ливерпуль» бапкерлер штабында жұмыс істеп, командамен бірге Англия чемпионы атағын жеңіп алды.