13.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Джон Джонс екі салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы, ММА аңызы Джон Джонс (28-1) тағы да өз атына назар аудартты. Биыл жылдың басында ол карьерасын аяқтайтынын мәлімдеп, Том Аспиналмен өтетін аса күтімді жекпе-жекті тоқтатқан еді және UFC президенті Дана Уайтқа берген уәдесін орындамай қалды, деп хабарлайды Prosports.kz. Соған қарамастан, Джонс октагонға қайта оралудан үміт үзген жоқ. Оның көздеген басты мақсаты — 2026 жылдың жазында АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай Ақ үй маңында өтетін тарихи UFC шоуына қатысу. Джон Аспиналмен жекпе-жекке әлі де қарсы, оның орнына жартылай ауыр салмақтағы қазіргі чемпион Алекс Перейрамен айқасуды ұсынуда. UFC президенті Дана Уайт әзірге Джонстың сөзіне сенбейтінін және оған толықтай сенім артуға дайын емес екенін айтты. Дегенмен Джонс бұл ірі оқиғаға қатысу үшін барын салып жатыр. Жақында ол АҚШ-қа деген құрметі мен патриоттық рухын көрсеткен бейнежазба жариялап, халқын жігерлендірді.2026 жылғы UFC суперивентіне өз кандидатурасын ұсынды

Екі салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы, ММА аңызы Джон Джонс (28-1) тағы да өз атына назар аудартты. Биыл жылдың басында ол карьерасын аяқтайтынын мәлімдеп, Том Аспиналмен өтетін аса күтімді жекпе-жекті тоқтатқан еді және UFC президенті Дана Уайтқа берген уәдесін орындамай қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соған қарамастан, Джонс октагонға қайта оралудан үміт үзген жоқ. Оның көздеген басты мақсаты — 2026 жылдың жазында АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай Ақ үй маңында өтетін тарихи UFC шоуына қатысу. Джон Аспиналмен жекпе-жекке әлі де қарсы, оның орнына жартылай ауыр салмақтағы қазіргі чемпион Алекс Перейрамен айқасуды ұсынуда.

UFC президенті Дана Уайт әзірге Джонстың сөзіне сенбейтінін және оған толықтай сенім артуға дайын емес екенін айтты. Дегенмен Джонс бұл ірі оқиғаға қатысу үшін барын салып жатыр. Жақында ол АҚШ-қа деген құрметі мен патриоттық рухын көрсеткен бейнежазба жариялап, халқын жігерлендірді.