09.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Джо Гелхардт Лидс Юнайтедтен Халл Ситиге қайта оралды

Джо Гелхардт Лидс Юнайтедтен Халл Ситиге қайта оралды

Лидс Юнайтедтің шабуылшысы Джо Гелхардт маусым соңына дейін Халл Ситиге жалға берілді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Өткен маусымда 23 жастағы шабуылшы Халл Сити сапында өнер көрсетіп, 20 ойында бес гол соғып, командаға Чемпионшипте орнын сақтап қалуға көмектескен.

Уиган тәрбиеленушісі бес жыл бұрын Лидске ауысып, «ақтардың» сапында 57 матч өткізді, оның 35-і Премьер-лигада болды.

«Мен бірден осында оралғым келетінін айттым. Адамдар, қала, жанкүйерлер — өткен маусымда бәрі керемет болды. Мұндағы соңғы бірнеше ай менің мансабымдағы ең бақытты кезең болды», — деді Гелхардт.

Халл Сити жаңа маусымдағы алғашқы ойынын Ковентри Ситимен сырт алаңда өткізеді.