21.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Джо Арибо балалық шағындағы футбол алаңын қайта жаңартуды жоспарлап отыр

Джо Арибо балалық шағындағы футбол алаңын қайта жаңартуды жоспарлап отыр

Нигерия құрамасының жартылай қорғаушысы Джо Арибо Лондонның оңтүстігіндегі Митчамдағы футбол алаңына барды — бұл оның балалық шағы өткен және ойын дағдылары қалыптасқан жер.

«Жазда мен таңнан түнге дейін осында болатынмын. Тек бір сағаттық үзіліс жасап, достарыммен дүкенге сусын алуға баратынмын да, бірден қайта оралатынмын», — дейді 29 жастағы футболшы.

Жасанды төсемі бар, тормен қоршалған алаңда Арибо допты бақылау мен дриблинг шеберлігін шыңдады. «Алаңда тактика болған жоқ — бәрі жан-жаққа жүгіріп, хаостық жағдайда жылдам шешім қабылдауға тура келді», — деп еске алады ойыншы.

Арибоның кәсіби футболға жолы Kinetic Foundation қайырымдылық қоры арқылы басталды, ол оған жартылай кәсіби «Стейнс Таун» клубына түсуге көмектесті. Содан кейін «Чарльтон Атлетик», «Рейнджерс» және «Саутгемптон» клубтарына ауысты.

Енді футболшы өзінің Aribo Foundation қайырымдылық қоры арқылы Лавендер саябағындағы алаңды қайта құруды жоспарлап отыр — жабынды ауыстырып, жаңа қақпалар орнатып, тіпті киім ауыстыратын бөлмелер салуы мүмкін. «Бұл жерді жергілікті балалар үшін ыңғайлы етгім келеді», — деді Арибо.