Оқу уақыты: 1 мин

Джеймс Мэддисон маусымның соңына дейін қатардан шықты

Джеймс Мэддисон маусымның соңына дейін қатардан шықты

«Тоттенхэм» жартылай қорғаушысы Джеймс Мэддисон Еуропа лигасының жартылай финалындағы «Будё-Глимтке» қарсы алғашқы ойында тізе жарақатын алып, маусымның қалған бөлігін өткізіп алатын болды.

Бастапқыда Анге Постекоглу жағдайды жеңіл деп бағалағанымен, таңертеңгі медициналық тексеру тізе байламдарының зақымдануы мүмкін екенін көрсетті.

«Дүйсенбіде нақты ақпарат аламыз. Қазірше жағдай мәз емес, бірақ нақты диагнозды күту керек», — деді бапкер «Вест Хэммен» өткен ойыннан кейін.

28 жастағы футболшы Норвегиядағы жауап матчына қатыспайды. Егер команда финалға өтсе де, Бильбаода өтетін шешуші кездесуді жіберіп алуы мүмкін.