24.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Джейми Варди «Лестерден» кетеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Джейми Варди «Лестерден» кетеді

Ағылшын футболының символына айналған Джейми Варди осы жазда «Лестер» клубынан ресми түрде кететін болды. Клуб пен ойыншы маусым соңында қош айтысатындарын бірлесіп мәлімдеді.

38 жастағы шабуылшы «түлкілер» сапында 2012 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде Варди нағыз клуб аңызына айналды:

  • 496 матч
  • 198 гол
  • 69 ассист
  • 5 трофей

Оның ішінде ең басты жетістік – 2015/16 жылғы маусымдағы сенсациялық Премьер-лига чемпионы атағы. Варди өз мансабымен миллиондаған жанкүйерге шабыт сыйлап, төменгі дивизионнан шығып, футбол аңызына айналғандардың қатарынан ойып тұрып орын алды.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!