15.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Джейми Варди «Лестердегі» соңғы ойынын жексенбіде өткізеді

Джейми Варди «Лестердегі» соңғы ойынын жексенбіде өткізеді

«Лестер Сити» шабуылшысы Джейми Варди жексенбі күні «Кинг Пауэр» стадионында өтетін «Ипсвичке» қарсы матчта клубтағы соңғы ойынын өткізеді. Клуб басшылығы қоштасу кездесуі сырт алаңда емес, өз жанкүйерлерінің алдында өтуі тиіс деп шешім қабылдады.

38 жастағы Варди бұл кездесуде «түлкілер» сапындағы 500-ші матчына шығады. Сонымен қатар ол 200-ші голын соғуға тырысады.

2012 жылы «Флитвуд Тауннан» 1 миллион фунтқа келген шабуылшы бүгінде клубтың ең үздік сұрмергені атанды. Оның басты жетістіктері:

  • 2015/16 маусымындағы Премьер-лига чемпионы

  • Чемпиондар лигасының ширек финалисі

  • 2021 жылғы Англия Кубогының иегері

Варди Премьер-лигада 144 гол соқты. Биылғы маусымда 9 рет мергендігімен көзге түскен, алайда команда маусым соңында Премьер-лигадан шығып қалды.

Клуб жанкүйерлерді стадионға ерте келіп, матчтан кейін де алаңда қалып, аңыз ойыншымен қоштасуға шақырды.