Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Джейми Варди: «Бұл маусым — ұят. Біз жанкүйерлердің сенімін ақтамадық»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

38 жастағы шабуылшы Джейми Варди «Лестер Сити» командасының Премьер-лигадан ұшып кеткеніне қатысты пікір білдірді. Клубтың аңыз ойыншысы өз сезімдерін жасырмай, жанкүйерлерден кешірім сұрады.

«Қазір не айтарымды да білмеймін. Бұл маусым — ашу мен мұңды қатар сезіндірген кезең. Ешқандай ақталу жоқ. Біз — ойыншылар да, клуб та — ұтылдық. Мұны әдемілеп көрсетуге тырыспаймын және ешқандай сылтау іздемеймін», — деді Варди.

Ол клубпен бірге өткізген ұзақ жылдардағы табысты сәттермен салыстыра отырып, 2025 жылғы маусымның нағыз ұятты кезең болғанын атап өтті:

«Біз талай биіктерді бағындырдық, ал бұл маусым — нағыз масқара. Жеке өзім үшін де. Бұл — ауыр. Жанкүйерлердің де дәл осыны сезіп отырғанын білемін».

Сөз соңында Варди шын жүректен жанкүйерлерден кешірім сұрады:

«Кешіріңіздер. Біз сенімдеріңізді ақтамадық. 2025 жылғы маусымды осындай масқара аяқтағанымыз үшін кешірім сұраймын».

Джейми Варди — «Лестер» клубының тірі аңызы. Ол 2016 жылғы тарихи чемпиондықтың басты кейіпкерлерінің бірі және қазіргі команда үшін эмоционалды көшбасшы болып қала береді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!